Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников F-16 жойғыш ұшақтарының шетелдік ұшқыштарына Ресейге қарсы қақтығыста Украина әскеріне қосылуға шақырды.
Одессада даниялық әріптесімен өткен бірлескен брифингте Резников Украина батыс одақтастарынан F-16 жойғыш ұшағын алуға ниетті екенін және шетелдік мамандарды одақтастар беретін өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы мен танктерге қызмет көрсетуге шақыратынын атап өтті.
F-16 ұшағын басқара алатын және соғысқа қатысуға дайын ұшқыштар болса, онда шетел легионында олар үшін есік ашық болады.
Еске сала кетейік, Украина одақтастарынан әлі F-16 жойғыш ұшағын алған жоқ, ал Ресеймен күресте кеңестік ұшақтарды пайдаланып жатыр.