Украина министрлер кабинеті жанармай құю бекеттеріндегі ұзын-сонар кезекке қатысты түсініктеме берді

Украина Министрлер кабинеті жанармай құю бекеттеріндегі ұзын-сонар кезекке қатысты түсініктеме берді

Атап айтқанда, жанар-жағармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек операторлардың жеткілікті қорларын өсіре алмауынан және нарықты барынша теңдестіре алмай отырғанына байланысты туындағаны айтылды. Бұл туралы экономика министрі Юлия Свириденко телемарафон эфирінде мәлімдеді

«Егер соғысқа дейін операторлардың максималды қоры 15-16 күнге жеткен, ал қазір ол 5-6 күнде бітіп қалады», — деді экономика министрі.

Свириденко Украинаға келетін қосымша көлемдер елге дағдарысты еңсеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазіргі уақытта Украинада халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жанармай қоры жетіспеуде, бірақ шетелден келетін жаңа жеткізілімдер күрделі жағдайдан алып шығады. Қазір импорттық мұнай өнімдері батыс шекарасы арқылы бензовоздармен және темір жол цистерналарымен әкелінеді.

Бұған дейін, 2021 жылдың мамыр айында үкімет дизель отыны үшін 7 гривень және бензин үшін 6,5 гривень мөлшерінде ең жоғары бөлшек сауда үстемесін белгілеген болатын.

Добавить комментарий