Бұл туралы бейсенбі күні Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Швейцарияның вице-президенті, федералдық сыртқы істер департаментінің басшысы Иньяцио Кассиспен болған келіссөздердің қорытындысы бойынша өткен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
«Біз азаматтар мен бизнес өкілдерінің еркін және қауіпсіз саяхаттауы үшін COVID-19 вакцинация сертификаттарын тану туралы келісімге келдік. Нотамен алмасу жүзеге асырылды», — деді Кулеба.
Ол коронавирус пандемиясымен күрес мәселелеріндегі екі елдің ынтымақтастығын тағы да атап өтті. Атап айтқанда, министрдің айтуынша, Украинада жақын арада швейцариялық технологиялар бойынша өкпені жасанды желдету аппараттарын толық көлемде өндіру басталады. «Швейцария бұл жоба үшін технологиялар мен қаржылай қолдау көрсетті, ал Украинаның «Новатор» мемлекеттік кәсіпорны осы аппараттарды дайындаумен айналысады. Аппараттарды сынау аяқталды, ол швейцариялық тараптың оң бағасына ие болды», — деді ол.