Ресей Қорғаныс министрлігі Украинада тұтқында болған ресейлік әскери қызметшілер елге оралғанын мәлімдеді. Барлығы 20 адам қайтарылды.
Елге қайтарылған әскери қызметшілерге қажетті психологиялық және медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
«Тұтқында болған әскерилер қысқа уақыттың ішінде ем алып, оңалтудан өту үшін Қорғаныс министрлігінің медициналық мекемелеріне жатқызылады», — деп атап өтті әскери ведомство өкілдері.
Өз кезегінде, ПК басшысы Андрей Ермак Ресейде тұтқындп болған 20 украиналық әскери қызметшінің елге қайтарылғанын хабарлады.
«20 адам тұтқыннан босатылды. Олар — Украинаның 20 батыры, 14-і УҚК жауынгері, 4-і АҚК жауынгері, біреуі ұлттық гвардияшы және ӘТК әскери қызметшісі. Ресейліктер Еленовкада, уақытша басып алынған Запорожье және Херсон облыстарында тұтқында ұстаған адамдар бар», — деп атап өтті ол.