Украина мен Молдоваға Еуроодаққа кандидат мәртебесі боерілді. Аталған шешім ЕО саммитінде қабылданды.
Еуроодақ мүше мемлекеттер мен үкімет басшылары Украина мен Молдавияға кандидат мәртебесін беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады бейсенбі күні Еуроодақ басшысы Шарль Мишель Брюссельде өтіп жатқан ЕО саммитінде.
«Келісім. Еурокеңес Украина мен Молдавияға ЕО мүшелікке кандидат мәртебесін беру туралы шешім қабылдады», — деп жазды ол Twitter-де.
Мишель бұл «тарихи сәт» екенін атап өтті. «Бұл сіздердің ЕО-ға қосылу жолыңыздағы шешуші қадам болып табылады. Біздің болашағымыз бірге», — деді ол.
Грузияға келер болсақ, Мишельдің айтуынша, Еурокеңес «Грузияға еуропалық болашақ уәде етіліп, бірқатар шарттарды орындағаннан кейін кандидат мәртебесін беруге дайын». «Грузин халқын құттықтаймын. ЕО мен Грузия арасындағы қарым-қатынастың тарихи сәті: Грузияның болашағы ЕО-мен байланысты», — деп атап өтті ол.
Еурокомиссия 17 маусымда ЕО саммитіне Украина мен Молдавияға кандидат мәртебесін беруді ұсынды. Еуропарламент басшысы Роберт Метсолдың мәлімдеуінше, Еуроодақ Украинаға украиналықтардың рухын көтеру үшін «үміт символы» ретінде одаққа кіруге кандидат мәртебесін беруі тиіс, ал нақты қосылу үшін «әлі де көп қадам жасау керек».