Украина Премьер-министрі Денис Шмыгаль мен Германия экономика министрі Роберт Хабек Ресейге қарсы санкцияларды күшейту жөнінде маңызды мәселелерді қарады.
Әңгіме Ресейдің атом саласына санкция салу туралы болып отыр. Бұл туралы украиналық премьер әлеуметтік желідегі ресми аккаунтында хабарлады.
«Ресейдің атом саласына қарсы санкция салу және шектеу шараларын күшейту мәселесі талқыланды. Барлық ақпарат пен ұсыныстарды серіктестерге жеткіздім», — деп жазды Шмыгаль.
Премьер-Министр сондай-ақ Хабекпен Киевтің қару-жараққа деген қажеттілігін және Лондонда өтетін Украинаны қалпына келтіру жөніндегі конференцияға дайындығын талқылағанын атап өтті.