Украина мен АҚШ киберқатерлерге қарсы күресуде ынтымақтастық мәселесін талқылауда

Украина Қауіпсіздік қызметінің (УҚҚ) басшысы Василий Малюк пен АҚШ-тың Украинадағы елшісі Бриджит Бринк кездесу барысында контрбарлау және киберқатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Малюк УҚҚ осы бағыттағы шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін атап өтті.

Ол сондай-ақ Укарина қауісіздік қызметінде НАТО стандарттарын енгізу және осы саладағы Украина заңнамасын НАТО стандарттарына жақындату жөніндегі жұмыс тобы құрылғанын хабарлады. Кездесу Украинаның барлау қызметі мен киберқауіптерге қарсы күрестегі өз ұстанымдарын нығайтуға ұмтылысын көрсетті.

Добавить комментарий