Украина Мариупольдегі «Азовсталь» зауытында бейбіт тұрғындар бар екенін мәлімдеді

Мариупольде «Азовсталь» зауытында бейбіт тұрғындар жүр, деп мәлімдеді полицейлер.

Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, тұрғындар сол жақта атыстан тығылып жүр.

Бұл туралы Донецк облысының патрульдік полиция командирі Михаил Вершинин MRPL.city сайтына хабарлады.

Оның айтуынша, зауыттың жанында әйелдер мен балалар, соның ішінде емізулі балалар, сондай-ақ егде жастағы адамдар атыстан жасырынып жүр.

«Тұрғындар атыстан қашып келді, өйткені бұл жерде бірнеше уақытқа атыстан жасырынуға болатын баспаналар бар», — деді Вершинин.

Добавить комментарий