Украина Донбасстың ерекше статусын ұзартты

Украинаның Парламенттік газетінде 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданыста болатын Донбасстың ерекше статусы туралы заңның күшіне енгені туралы хабарлама жарияланды. Президент Владимир Зеленский 24 желтоқсанда «Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аудандарындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың ерекше тәртібі туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасына қол қойды. Донбасста жергілікті өзін-өзі басқарудың ерекше тәртібі туралы заң 2014 жылдан бастап тұрақты түрде ұзартылып келеді. Бұл ретте ел басшылығы бұған дейін жаңа заң әзірлеп, Донбасстың ерекше статусын конституцияда бекітуге уәде берген болатын.

Бірақ әлі күнге дейін бұл жоспарды орындауға кіріскен жоқ.

Добавить комментарий