Украина УҚК Бас штабы Беларусь аумағынан зымыран шабуылы жасалуы мүмкін деп қауіптенетінін мәлімдеді.
Брест және Гомель облыстарында Беларусь әуе күштері Украина-Беларусь шекарасында әскерилерді күшейтуді жалғастыруда.
Беларусь қарулы күштері жауынгерлік даярлықтың екінші кезеңін өткізіп жатыр. Бұл туралы Украина ҚК Бас штабының 17 мамырдағы мәліметнде айтылған.
«Беларусь Республикасының қарулы күштері жауынгерлік әзірлікті тексерудің екінші кезеңін өткізіп жатыр, Аталған іс-шаралар шеңберінде полигондардың бірінде понтон өткелін орнату және су бөгетін жеделдету жаттығулары өтуде», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Бас штабта Беларусь тарапынан Украина аумағына зымырандық шабуылдар қаупі төніп тұрғанын атап өтті.
«Беларусь Республикасынан Украина аумағындағы инфрақұрылым нысандарына зымыран-бомбалық шабуыл жасау қаупі сақталып отыр», — деп атап өтті УҚК баспасөз қызметі.
Бұған дейін британиялық барлау қызметі Беларусь әскерінің Украина шекарасы маңында шоғырлануы УҚК қосымша күштерін Донбасс қаласына жіберуге кедергі келтіруі мүмкін деп мәлімдеген болатын.