Украина Бас барлау басқармасының бастығы Кирилл Буданов Украина тарапынан да, Ресей тарапынан да шабуылдау операциялары дронды қарқынды пайдалану мен жаппай көмілген мина алаңдарына байланысты мүмкін емес екенін атап өтті. Ол Le Monde басылымына берген сұхбатында егжей-тегжейін ашып, ұшқышсыз басқарылатын ұшақтармен күресу үшін электронды құралдар мен миналарды тазартуға арналған арнайы жабдықтар қажет екенін айтты.
Буданов мина алаңдарына қатысты мұндай жағдай Екінші дүниежүзілік соғыстан бері орын алмағанын атап өтті. Оның пікірінше, дрондармен күресу үшін электрондық құралдарын қолдану керек. Миналарды тазартуға келетін болсақ, арнайы жабдық қажет.
Украина барлау басқармасының басшысы батыс елдерінің санкцияларына қарамастан, Ресей «қатты айыртпалық» сезініп жатқан жоқ деп мәлімдеді. Ресейге қысым көрсету жөніндегі өз ұсыныстарында Буданов ел экономикасының негізгі секторларына соққы беруді ұсынды.