Украина балаларға қарсы қылмыс жасалып жатқанын мәлімдеді

«Басқыншылар барлық соғыс қылмыстарын жасап жатыр, атап айтқанда, украиналық балаларды өлтіріп, ұрлауда», — деп жазады батыс БАҚ пен украиналық басылымдар РФ-ның Украинадағы әскери қимылдарына түсініктеме бере отырып.

Кең ауқымды соғыс қимылдары басталғалы бері украиналық шенеуніктер әлем жұртшылығының назарына Ресей әскерилері Украинада балаларға қатысты қылмыс жасап жатқанын бірнеше рет аударды.

Осылайша, Украина президенті Владимир Зеленский 15 қарашада кезекті мәлімдеме жасап, Ресейдің украиналық балаларға қатысты қылмысын айыптап, әлемдік қоғамдастықты Ресей аумағына заңсыз әкеткен балаларды Украинаға қайтаруға көмек көрсетуге шақырды.

Украина президентінің айтуынша, тек ресми мәліметтер бойынша соғыс қимылдары жүріп жатқан Украина аумағынан Ресейге 11 мың бала жіберілген.

«Нақты қанша баланы алып кеткенін ешкім айта алмасы анық. Айта кету керек, балаларды мәжбүрлеп эвакуациялау бала құқықтарын тікелей бұзу және БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясының нормаларын бұзу болып табылады», — деп мәлімдейді украиналық саясаттанушылар.

Қазіргі заманда қарулы қақтығыстар кезінде балаларға қатысты алты ауыр құқық бұзушылықты айқындайтын классификация бар:

  • Балаларды жалдау және пайдалану;

  • Балаларды өлтіру және мүгедек ету;

  • Балаларға қатысты зорлық және жыныстық зорлық-зомбылықтың басқа да түрлері;

  • Мектептерге, ауруханаларға және оларға байланысты қорғалған адамдарға шабуыл жасау;

  • Балаларды ұрлау;

  • Балаларды гуманитарлық көмектен айыру.

Украиналық омбудсмендердің хабарлауынша, Ресей бұл соғыста балаларға қатысты кемінде бес түрлі қылмыс жасалды, ал кейбір сарапшылар мен мамандар ауыр әскери қылмыс барлық алты түрі жасалғанын айту керек деп отыр.

Жалпы алғанда, кең ауқымды соғыс қимылдары басталғалы 8 айдан астам уақыт ішінде күллі Украина аумағында 1200-ден астам бала (қаза тапқан және жараланған) зардап шеккен. Донбасс бойынша жеке статистика ұсынылмады.

«Айта кету керек, Кремльдің әскери қылмыстарынан бөлек, соғыс салдарынан көптеген балалардың құқығы тапталды, атап айтқанда, білім алу, медициналық көмек алу құқықтары бұзылды. Балалардың басым бөлігі соғыс аймағында болсын болмасын, бәрібір де психологиялық қолдауға мұқтаж», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Украиналық балалардан басқа Ресей бастаған соғыстан басқа елдегі және өңірлердегі балалар да зардап шекті. ЮНИСЕФ бағалауынша, Украинадағы әскери қимылдардың салдарынан Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы төрт миллион баланы аш-жалаңаш қалды. Бұл өңірлерде кедейленген балалар саны өткен жылмен салыстырғанда 19%-ға өсті.

Добавить комментарий