Украина парламентшілері сот шешімінсіз БАҚ-ты жабуға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдау туралы шешім қабылдады.
Аталған заң жобасын Жоғарғы Рада бірінші оқылымда қабылдады.
Украиналық депутат Ярослав Железняк мәлімдегендей, тиісті бастаманы 450 депутаттың 233-і қолдады.
Аталып өткендей, заң жобасы украиналық журналистер, құқық қорғаушылар, тіпті халықаралық ұйымдардың сынына ұшырады.
Бастамаға сәйкес, БАҚ-ты жабу құқығы теледидар мен радио хабарларын тарату жөніндегі ұлттық кеңеске берілуі тиіс. Ведомствоның жаңа өкілеттіктері оған соттың тиісті шешімінсіз кез келген медианың жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.