Украина: БҰҰ басшысы гуманитарлық үзіліс жариялауға шақырды

БҰҰ Бас хатшысы 2022 жылғы 21 сәуірден бастап қақтығысып жатқан қос тарапты гуманитарлық бітімге шақырды.

Ол Мариуполь, Херсон, Донецк және Луганскіге көмек жеткізуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

Ұрыс қимылдарын төрт күнге тоқтату ұсынылды.

«Бүгін мен Қасиетті аптаға байланысты, Ұлы бейсенбіден бастап жексенбі, 24 сәуірге дейін гуманитарлық дәліздердің ашылуын қамтамасыз ету үшін төрт күндік гуманитарлық үзіліс жариялауға шақырамын», — деді ол.

Бұл Мариуполь, Херсон, Донецк және Луганскіге көмек жеткізуге мүмкіндік береді, деп мәлімдеді Гутерриш.

«Гуманитарлық үзіліс азаматтардың өмірін сақтап қалу үшін қажетті гуманитарлық көмекті Мариуполь, Херсон, Донецк және Луганск аудандарына жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — деді ол. — БҰҰ осы кезеңде аталған орындарға конвойлар жіберуге дайын».

Добавить комментарий