Украина аумағындағы қақтығыстың ұзаққа созылатын болса ЕО-да соғыс болуы мүмкін

Сарапшылардың пікірінше, Украина аумағындағы қарулы қақтығыс ұзаққа созылатын болса, ақыры соңында Еуропада соғыс болуы мүмкін. Бұл туралы қытайлық стратегиялық қару-жарақ маманы Сун Чжунпин мәлімдеді.

«Ресей жеңілмейтінін анық білдірді. Егер қос тарап қақтығысты тоқтатпаса, соғыс қимылдары бүкіл Еуропа аумағында болуы мүмкін, бұл барлық Еуропа елдері және бүкіл әлем үшін де үлкен қасірет болады», — деп Global Times газеті оның сөзін келтіреді.

Сун Чжунпиннің пайымдауынша, АҚШ іс жүзінде Украинаны НАТО-ға мүше етті. «Бұған дейін альянсқа мүше елдердің ешқайсысы Құрама Штаттардан, әсіресе қару-жарақ түрінде мұндай ауқымды қолдау алған емес», — деп атап өтті сарапшы.

Добавить комментарий