Ресей Федерациясы жүргізіп жатқан арнайы операциясы кезінде Украина аумағында қалып қойған қазақстандық жүк тасушымалдаушыларлың жағдайы белгілі болды.
Қазақстандық алты жүк көлігі Украинаның Днепр қаласынан Польшаға қарай шықты.
Қазақстандық жүк көлік жүргізушілері Украинадан жәймеңдеп кетіп жатыр. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, бүгін Днепр қаласынан Польшаға қарай алты жүк көлігі шықты.
Сонымен қатар, бүгін 2 жүргізуші Нихотевка өткізу бекеті арқылы Ресей шекарасынан өтті. Қазіргі таңда 21 жүк көлігі Украина аумағынан шықты.
«10 жүргізуші Ресейге, 8 көлік Молдоваға шықты (соның ішінде 4 жүргізуші Түркия азматтары), тағы 3 жүргізуші Польшаға жетті», — деді палатадағылар.
Украинада қазақстандық 35 ірі жүк көлігінің жүргізушісі, оның ішінде қазақстандық көліктерде жүрген төрт жергілікті азамат қалып отыр.