Украина Қауіпсіздік Кеңесі Қырыммен арадағы шекара бойынша шешім қабылдады

Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі (ҰҚҚК) Қырыммен арадағы шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шешім құпия режимде қабылданғанын хабарлады.

Бұл туралы бүгін, 2021 жылғы 4 маусымда, ҰҚКҚ хатшысы Алексей Данилов хабарлады.

«Бүгін Президент [Владимир Зеленскийдің] 28 сәуірде Херсон облысына барған сапарында, осы аумақта (Қырыммен арадағы шекарада — ред.) қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде қосымша шараларды пысықтау туралы тапсырмасы бойынша шешім қабылданды. Ол құпия режимде қаралды», — деді ол брифингте.

Добавить комментарий