Сарапшылар 2023 жылы Украинада астық түсімі төмендейді деп болжап отыр. Осының салдарынан экспорт қысқаруы мүмкін.
2023 жылы Украинадағы астық өнімі отыз бес — қырық миллион тоннаға дейін төмендеуі мүмкін. Украиналық шаруалар он екі-он бес миллион тонна бидай, он бес-он жеті миллион тонна жүгері жинайды, деп есептейді IMC бас директоры және «Украиналық агробизнес клубы» қауымдастығының президенті Алекс Лисситса.
Бұл туралы ол астық конференция барысында мәлім етті. Оның айтуынша, 2023/2024 жылдары Украина экспортқа он жеті миллион тоннаға жуық дәнді дақылдарды жібереді, оның жеті миллионы бидай, ал қалғаны жүгері болады. Сондай-ақ, ол бидай өндірісінің төмендігіне байланысты жергілікті жерлердегі тапшылық пен экспортқа шектеу салу қаупі барын айтты.
Оның айтуынша, 2023 жылдың мамыр айында шенеуніктер экспортқа тыйым салу мәселесін талқылайды.
Украина Аграрлық кеңесі төрағасының орынбасары Денис Марчук 2023 жылы жүгері егіс алқаптары 30-35 пайызға қысқаратынын жариялады, Фермерлерде ақша жоқ, себебі олар өз өнімін тым арзан бағада сатуда, оның үстіне бүкіл ел бойынша электр энергиясы өшірілуде.
Украина — әлемдегі жүгері мен бидайдың ірі жеткізушісіә. 2021 жылы елде 86 млн. т, ал 2022 жылы 51 млн. т жиналды.