Украина армиясы соғыс алаңындағы табыстары туралы хабарлады

«Украина аумағында соғыс қимылдарының алғашқы айларында РФ әскерінің осал тұстары байқалды. Украина Қарулы күштері кәсіби, үйлесімді және т.б. әрекет етті.

Украина армиясының Харьков және Херсон бағыттарындағы қарымта шабуыл операциясының нәтижесінде басқыншылар кері шегінуге және басып алынған Украина аумақтарының едәуір бөлігін тастап қашуға мәжбүр болғаннан кейін РФ әскері шын мәнінде әлемде ғана емес, Ресей әскері мен УҚК арасында да «екінші армия» екені анық болды», — деп жазады украиналық әскери сарапшылар. Олардың пікірінше, Ресей армиясы тіпті өз елінде де екінші орында тұр.

«Көптеген адамдар «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожин мен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгу арасындағы текетірес ушығып бара жатқанын байқады. Пригожин РФ тұрақты әскерінің іс-қимылын жиі сынға алып, «Вагнер» жауынгерлері секілді алға қойылған міндеттерді орындай алмай отырғанын мәлімдеді. Путин мұндай сыни пікірлерге қатысты ләм-мим демеді, сол арқылы соғыс алаңында «вагнершілердің» құнды екенін білдіріп отыр. Сарказммен айтатын болсақ, Ресей армиясы тіпті Ресей аумағында да екінші болып табылады».

Фото: Украина әскерилері алға жылжуда. Украинада УҚК-ның қарымта шабуылы жалғасуда

РФ президенті Владимир Путин жақында жариялаған ақпаратқа сәйкес, «Вагнер» ЖӘК РФ мемлекеттік бюджетінен толық қаржыландырылды. 2022 жылғы мамыр айынан 2023 жылғы мамырға дейін РФ «Вагнер» компаниясына 86 млрд. 262 млн. рубль (1 млрд. доллардан астам) төледі. «Бұл Ресейдің 28 өңірінен де көп қаржыландыру. Осылайша, «вагнершілерге» карт-бланш берілгенініңтағы бір айқын көрінісі», — деп мәлімдейді батыстық сарапшылар.

Қазіргі уақытта, УҚК бірнеше апта бойы ауқымды шабуылдау операциясын жүргізіп жатыр. Еуропалық сарапшылардың пікірінше, осы кезде де «Украина армиясы Ресей армиясынан қуатты болып отыр».

Фото: Украина әскерилері алға жылжуда. Украинада УҚК-ның қарымта шабуылы жалғасуда

Украиналық әскери сарапшылар УҚК қалайшы қуатты болып отырғанын айтып берді: «Бірінші кезекте сарбаздардың ынтасы, кәсібилігі, тәжірибесі. Бәлкім, қазіргі сәтте УҚК-ның жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай болмауы мүмкін, дегенмен РФ әскері бірнеше ай бойы эшелондалған қорғаныс құрып дайындалғанына қарамастан, украиналық отан қорғаушылар шабуыл жасап жатқан соғыс алаңының барлық бағыты бойынша алға жылжып келеді. УҚК 2014 жылдан бері Киевтің бақылауында болмаған аумақтардың бір бөлігін қайтарып алды, ал маусым айының соңына қарай Украина Қорғаныс күштері Ресей әскерінің қыс бойы басып алға аумақтардан қарағанда көп жерді қайтарып алды. Сондай-ақ, Украина әскері Бахмут бағыты бойынша да ілгерілеуде. Еске сала кетейік, дәл осы бағыт бойынша «вагнершілер» шығарылып, тұрақты ресейлік армия жіберілген, олар қорғаныс әлеуетін едәуір жақсартуға тиіс болатын».

Батыстық сарапшылар еуропалық қару-жарақпен жасақталған украин әскерінің бөлімшелері бұл операцияға әлі қатыспағанын және «ұтымды» сәтті күтіп отырғанын, ал қазір ресейлік қорғаныстың осал тұстарын «іздеп» жатқанын айтып отыр.

Добавить комментарий