Украина Қара теңіз бастамасы аясында 721 тоннадан астам астық экспорттады

Украина Қара теңіз астық бастамасы аясында астық экспортталғанын мәлімдеді.

Бірлескен үйлестіру орталығы (БҮО) Украинаның Қара теңіз порты арқылы Түркияға бет алатын 2 мың тоннадан астам жүгері тиелген кеменің шығуына рұқсат берді, деп хабарлайды БҰҰ.

«22 тамызда БҮО Kafkam Etler сауда кемесіне жүруіне рұқсат берді, ол 23 тамызда Қара теңіз астық бастамасы аясында Черноморсктен Түркияға 2437 тонна жүгері тасымалдайды», — делінген хабарламада.

Аталып өткендей, «22 тамыздағы жағдай бойынша, Украинаның үш портынан экспортталатын астық пен азық-түлік тауарларының жалпы тоннажы 721 449 тонна болды».

Сонымен қатар, 22 тамызда БҮО Украина порттарынан шығатын үш кемені — I Maria, Zumrut, Oceans, сондай-ақ келетін алты — Ganga Star, Ashabaltic, Aeolos, Peace M, Anastasia кемелерді тексеруді аяқтады.

«Олардың барлығына жүзуге рұқсат берілді», — делінген хабарламада.

Инспекторлар тобы сейсенбі күні Украина порттарына келетін үш кемені — Daytona Dynamic, Eneida, Silver Lady және шығатын үш кемені — Da Liang, Filyoz, Kubrosli Y тексеруді жоспарлап отыр.

22 шілдеде Стамбулда БҰҰ, Ресей, Түркия және Украинаның қатысуымен Украинаның үш портынан — Қара теңіз, Одесса және Оңтүстік портынан астық шығару үшін дәліз құру бойынша екі құжатқа қол қойылды.

 

Добавить комментарий