Латвияның көлік министрі Янис Витенбергс екі ел арасындағы нашар көлік инфрақұрылымына байланысты Украинаға әскери көмек кешігіп жатқанына алаңдаушылық білдірді. Бұл мәлімдеме Еуропалық одаққа мүше елдердің министрлерімен өткен дөңгелек үстел барысында жасалды, деп хабарлайды «Европейская правда» басылымы Delfi-ға сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, Латвиядада және жалпы өңірде жол желісін, теміржол инфрақұрылымын, порттар мен әуежайларды жақсартуға қомақты инвестиция құю қажет. Ол еуропалық қорлардағы қолжетімді қаржыландыру аталған проблеманы шешу үшін жеткіліксіз екенін атап өтті.
Витенбергс инфрақұрылымдық жобалар мен инвестициялар үшін қосымша қаражат алу мақсатында Еуропалық одаққа мүше басқа елдермен және өңірлік серіктестермен ынтымақтастық маңызды екенін айтты.
Ол сондай-ақ, ЕО қаражатын Латвияға тарту аталған мәселені шешуде маңызды рөл атқаратынын және бірыңғай еуропалық көлік желісі аясында инфрақұрылымды жақсарту бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.
Латвия өз Қарулы күштеріндегі барлық тікұшақтарды Украинаға беру туралы саяси шешім қабылдағанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, Латвия үкіметі көлікті мас күйде тізгіндеген жүргізушілерден тәркіленген тағы 38 көлікті Украинаға қайтарымсыз беру туралы шешім қабылдаған.