Украина Вашингтоннан HIMARS дүркіндете ататын реактивті қару жүйесіне оқ-дәрілер, сондай-ақ гаубицалар мен ұшқышсыз басқарылатын дрондарды сұрады.
Бұл туралы Украинаның АҚШ-тағы елшісі Оксана Маркарова Bloomberg агенттігіне мәлімдеді, деп хабарлайды «Европейская правда».
Маркарованың айтуынша, ресми Киев АҚШ-тың санкция салынған қаржы мекемелерінің тізіміне аптасына бірнеше банкті қосқанын қалайды. Елші АҚШ-тың Қаржы министрлігіне тиісті сұрау жібергенін айтты.
«Санкциялар қару сияқты маңызды», — деп мәлімдеді Марқарова.
Оның айтуынша, әрбір ресейлік банкке санкция салыну қажет, өйткені олардың барлығы Путиннің кампаниясын қаржыландыруға белсенді қатысады.
«Кез келген банк санкцияға ұшыраған соң, басқа жеке банк өнеркәсіптің немесе қарулы күштердің қаржыгеріне айналады», — деді ол.
Ал бірнеше банктерді белгілі бір мақсатта қолдану үшін қалдырса болады, «қалғандарына санкция салу керек, өйткені олардың барлығы соғысты жүргізіп отырған террористік машинаны қаржыландырады», — деп мәлімдеді Маркарова.