Украина АҚШ пен ГФР-ны жауынгерлік танктерді жеткізуді сұрап отыр

Украина Премьер-министрі Денис Шмыгаль АҚШ пен ГФР-ны украиналық әскерилерге жауынгерлік танктерді жеткізуге шақырды. Үкімет басшысының пікірінше, олар Ресейдің агрессиясына тойтарыс беру үшін қажет.

«Бізге қару-жарақ жеткізу философиясын өзгерту қажет. Бұл дегенім: заманауи жауынгерлік танктер де жеткізілуі тиіс», — деді Шмыгаль.

АҚШ бізге «Абрамс», ал Германия -«Леопард-2″ танкілерін жеткізеді деп күтіп отырмыз. Бұл Украинаға соғыс алаңында ауадай қажет заманауи танктер», — деп мәлімдеді ол.

Сенбі күні Шмыгаль Берлинге барады. Жексенбі күні оны канцлер Олаф Шольц өз кеңсесінде қабылдайды. Премьер-министр Ресей баса-көктеп кіргеннен кейін Берлинге келген ең жоғары лауазымды украиналық саясаткер.

Алғашқы қиындықтардан кейін Германия соңғы айларда Украинаға бірқатар ауыр қару-жарақ жеткізді:

«Германия Украинаны қару-жарақпен қолдау мәселесінде үлкен ілгерілеуге қол жеткізді», — деді Шмыгаль. Оның айтуынша, алдымен тек қорғаныс құралдары немесе дулығалар, ал қазір заманауи қару-жарақ жеткізіліп жатыр.

«Бірақ, әрине, барынша тез арада қару-жарақ пен жабдықтардың жеткізілгенін қалаймыз», — деп мәлімдеді ол.

Шольц үшін заманауи жауынгерлік танктер мен ЖӘЖК-ді жеткізу бұрынғысынша табу болып қала береді. НАТО-ға мүше ешбір елі Украинаға әлі күнге дейін мұндай қару-жарақ жүйесін берген жоқ.

Бұған дейін Германияның билеуші коалициясы Украинаға танкт жеткізу мәселесін қолдаған болатын.

Украина бірнеше айдан бері батыстық үлгідегі жауынгерлік танктерді алуға тырысып келеді, алайда серіктес мемлекеттер әлі келісімін берген жоқ.

Добавить комментарий