Остин одақтастарына Киевке барынша көп қару-жарақ жеткізуге шақырады
Брюссельдегі Украинаны қолдау жөніндегі байланыс тобының отырысында АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин одақтастарына Киевке барынша көп қару жеткізуге шақырып, Украина Қарулы күштері батыс техникасының айтарлықтай шығынға ұшырағаны туралы Ресейдің мәлімдемерін жоққа шығарды.
АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин мәлімдегендей: «Менің ойымша, орыстар бізге бұзылған бес машинаны 1000 рет 10 түрлі ракурстан көрсетті. Бірақ, шынымды айтсам, украиндықтардың әлі де көптеген жауынгерлік мүмкіндіктері мен күші бар».
АҚХА басшысы Запорожье АЭС-іне барды
Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктің басшысы Рафаэль Гросси бейсенбі күні Запорожье АЭС-іне барды.
Оның айтуынша, жағдай «күрделі» күйінде қалып отыр, бірақ тұрақтанады.
Рафаэль Гросси, АҚХА бас директоры: «Медальдің екі беті бар деп айтсақ болады. Бір жағынан, біз күрделі жағдай мен нақты салдарды көріп отырмыз. Екінші жағынан, жағдайды тұрақтандыру үшін шаралар қабылдануда».
«Қарымта шабуыл сәтті болса, онда Ресей соғыста жеңіліске ұшырайды»
Бұған дейін Владимир Зеленский Украина әскерлері алдыңғы шепте қатаң қарсылыққа тап болатынын айтқан болатын, себебі Ресей үшін Украинадағы шайқаста жеңіліс, іс жүзінде соғыста жеңілгенін білдіреді.