Барлау мәліметтерінен алынған ақпаратқа сәйкес, Ресейге қарсы соғыста украиналық әскерилер 15 мыңнан адамынан айырылды. Еуропалық Одақтың бағалауынша, Украинадан, БАҚ-тан және таралып кеткен барлау мәліметтері негізінде жауынгерлік қимылдар салдарынан 13 мың украиналық әскери қызметші қаза тапты, 35 мың адам жарақат алды. АҚШ-тың мәліметі бойынша, Киев 17,5 мың әскерінен айырылды, жалпы алғанда 124-131 мың аралығында. Алайда ЕО АҚШ-тың деректері тым жоғары деп есептейді.
Украинаның бағалауы бойынша, Ресейдің 185 мың адамы қаза тапты, 555 мың адам жарақат алған, ал АҚШ деректері бойынша адам шығындары 189,5 мың-223 мың аралығында, соның ішінде 43 мың адам қаза тапқан. Алайда батыстық дипломаттар мен әскерилердің айтуынша, екі тараптан да құрбан болғандардың саны туралы ресми расталуы мүмкін емес.
Айта кету керек, құжатта Украина мен Ресей арасындағы кең ауқымды соғыс қимылдары шығындарына баға берілген күн көрсетілмеген. Бұған дейін Ресейдің Украинаға баса көктеп кіргелі 354 мың ресейлік және украиналық әскерилер қайтыс болғаны немесе жарақат алғаны туралы ақпарат тараған болатын, бірақ бұл ресми түрде расталмады.