Украина Қауіпсіздік қызметі (УҚҚ) 13 шетелдік журналистке елге кіруге тыйым салынғанын хабарлады.
Украинаның қауіпсіздік қызметі (УҚҚ) 24 ақпаннан бастап Ресеймен әріптескен 13 шетелдік журналистке ел аумағына кіруге тыйым салды. Бұл туралы жұма күні ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
«УҚҚ РФ тапсырысы бойынша жұмыс істеген 13 шетелдік журналисті Украинаға кіруге тыйым салды, — делінген ведомствоның Telegram-арнасында жарияланған хабарламада. — -УҚҚ материалдары бойынша оларға Украина аумағына кіруге үш жылға тыйым салды».
Шетелдік БАҚ өкілдерінің есімдері мен азаматтығы аталмады.