Уильям Мозер: «Сайлау нәтижесі АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпейді»

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер мәлімдеме жасады:

«Қазір сіздер өз экрандарыңыздан Вашингтондағы Ақ үйде болып жатқан жиналыстың трансляциясын көріп отырсыздар. Бұл кадрларды біз тікелей эфирден аламыз. АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижесі екі ел арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпейді. Олар достық және өзара тиімді болып қала береді», — деп Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Елшісі Уильям Мозер мәлімдеді.

Ол сондай-ақ қазіргі уақытта біздің республикамызда жүрген америкалық дипломаттар мен АҚШ азаматтарының қалай дауыс бергені туралы айтып берді.

Оның айтуынша, көптеген адамдар өз таңдауларын алдын ала, сондай-ақ пошта арқылы жасаған.

«Осы президенттік сайлауда 30-40 миллионға жуық америкалық азамат электоралдық үдеріске — пошта арқылы қатысты. Сонымен қатар, алдын ала дауыс беру жүйесі енгізілді. Басқа елдерде тұратын АҚШ азаматтары сайлау учаскелерінің ашылуына бір ай қалғанда өз таңдауларын жасай алды», — деп хабарлады Уильям Мозер.

Добавить комментарий