Алматы әуежайын сатып алған түрік компаниясы жаңғырту жұмыстарына инвестиция ретінде 780 млн доллар тартпақ.
Алматы әуежайының ғимаратында қайта жөндеу жұмыстары үшін несиеге 780 млн АҚШ долларын тарту жоспарлануда.
Кредиторлар тізіміне ЕАДБ, ЕҚДБ, IFC және DEG кіреді.
Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Алматы халықаралық әуежайын кеңейту мен жаңғырту жұмыстарына шамамен 40 млн доллар көлемінде қаржы бөледі, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Жобаны «TAV Kazakhstan» (Түркия) ЖШС бастаған инвесторлар консорциумы жүзеге асыруда. Инвестициялық бағдарламаның жалпы сомасы 780 млн долларды құрайды. Жаңа терминал салу және қолданыстағы әуежайды жаңғырту, әлеуеттік қабілеттілігінің шектеулерін жою, маршруттарды дамыту, рейстер санын ұлғайту, клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру жоспарлануда.
Кредиторлар тізіміне Еуразиялық даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Халықаралық қаржы корпорациясы және DEG неміс инвестициялық корпорациясы кіреді. Бүгінгі таңда несие берушілер қаржыландыру шарттары туралы келісімге қол қойды.