Үкіметтің жаңа қаулысына сәйкес, 2024 жылғы 1 наурыздан бастап бүкіл Қазақстан UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Енді жаңа уақытқа дұрыс жолмен бейімделу керек. Алғашқы күндері қосымша бір сағат ұйықтау керек, жақсы тамақтанған абзал, соның ішінде дәрумені мол тағамдарды жеуге кеңес беріледі.
Салауатты өмір салтын ұстанып, таза ауада көбірек серуендеңіздер, шамадан тыс физикалық жаттығулар жасамаған дұрыс, әсіресе балалар мен қарттарге қатысты. Сондай-ақ осы кезеңде балалардың еркелігін ескере отырып, оларға көп көңіл бөлген маңызды. Егде жастағы адамдарға ұйықтар алдында қысқа уақыт серуендеп, қан қысымын қадағалауға кеңес беріледі.
Созылмалы аурулары бар адамдарға дәрілерді белгіленген уақытта қабылдау керек. Денсаулығыңызға дұрыс көңіл бөліп, уақыт белдеуіндегі өзгерістерді жеңіл қабылдау үшін қарапайым кеңестерді сақтаңыздар.