УҚК-ның контршабуылы: Әскери сарапшылар Украинадағы жағдайға қатысты түсініктеме берді

Украинаның Харьков облысындағы соғыс алаңында қалыптасқан жағдай Ресейдің пайдасына шешілмеуде, деп мәлімдейді украиналық сарапшылар. «Путиннің бұл соғыста жеңілетіні баса-көктеп кіргеннен кейін 1 ай өткен соң түсінікті болды. Мәскеу жоспарлаған блицкриг орын алмады, ал Ресей әскерлерінің шабуылы апта сайын азайды. Ресей әскері Харьков, Киев, Одесса сияқты қалаларды басып ала алмайтыны туралы ойлармен бірге, Украина жеңіліске ұшырауы мүмкін деген қорқыныш та жоғалып кетті. Басқыншылар Киев бағытынан кері шегінуге мәжбүр болғанға дейін, «Мәскеу» крейсері батып кеткенге дейін — осыған байланысты Одессаға десантты жіберу мәселесә жабылды, тіпті осы оқиғалар орын алғанға дейін Украинаның төтеп бере алатыны түсінікті болды», — деп жазады олар.

«Әрине, Ресей басқыншылары басым күшке ие болып, соғыс алаңында еркін сезінді, бұл Украина әскерін аздап кері шегінуге мәжбүр етті. Алайда Ресей күн өткен сайын әскерінің қарқыны бәсеңдей бастады. Ресейлік пропагандасы РФ әскерінің жеткен жетістіктері туралы айтқанымен, сарбаздар мен әскери техниканың орасан зор шығындары туралы тіс жармады. Ресейде билік басындағылар соғыстың алғашқы айында шығындар туралы ресми түрде мәлімдеді, алайда көрсеткішті азайтып көрсетті», — деп мәлімдейді украиналық басылымдар.

Батыстың сарапшылары Ресейдің Украинаға қарсы соғыста сөзсіз жеңіліске ұшырайды деп санайтынын мәлімдеді

25 наурыздан кейін Ресей билігі Украинадағы шығындар туралы ресми мәлімет бермеді. «Путин режимі шығындарды жасырып, Ресейдің түрлі аймақтарында жасырын мобилизацияны жалғастыруда — соғыс басында бұл негізінен РФ-ның депрессивті аймақтарында жүргізілген, қазіргі таңда мобилизация ауқатты өңірлерде де жүргізілуде. Украиналық барлау қызметінің мәліметі бойынша, жасырын мобилизация Мәскеу және Ленинград облыстарының тұрғындары арасында жүріп жатыр», — деп жазады киевтік саясаттанушылар.

«29 тамыздан бастап барлық журналистер, бақылаушылар, сарапшылар жаңа көзқараспен өмір сүруде. Украинаның шабуылы шындығында. Украина ұрыс қимылдарының географиясын, қарқыны мен сипатын өз бақылауына алды, ал Ресей бұған жауап беріп, соғыс алаңында көптеген бағыттары бойынша төтеп беруге тырысуы тиіс. М2селен, Украина армиясы үш күн ішінде Харьков бағытында алға жылжыды», — деп жазады украиналық басылымдардың журналистері.

Ресей билігі батыстық және украиналық БАҚ-тарда айтылып жатқан Харьков бағытындағы жағдайға қатысты түсініктеме бермей отыр.

Батыстың сарапшылары Ресейдің Украинаға қарсы соғыста сөзсіз жеңіліске ұшырайды деп санайтынын мәлімдеді

РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков УҚК-ның контршабуылдарына қатысты түсініктеме беруден бас тартып, РФ Қорғаныс министрлігінен сұрау керектігін айтты.

РФ Қорғаныс министрлігі Украинадағы соғыс туралы күнделікті мәліметтерінде Украина әскерилері Харьков облысының Балаклея қаласынан ресейліктерді қуып шыққаны туралы ешнәрсе айтқан жоқ.

«Айта кету керек, Балаклея Ресей армиясының үлкен логистикалық торабының орталығы болды. Балаклея арқылы Харьковқа шабуыл жасау үшін плацдарм болған Изюмдағы үлкен топтың жабдықтары жеткізілген. Украинаның Харьков — Изюм желісіндегі жетістіктері ресейлік ақпараттық кеңістікте Ресейдің қолбасшылығына деген сеніміне нұқсан келтіруде.

Добавить комментарий