УҚК Бас штабы: РФ әскерлері шабуылдай бастағанын хабарлады

УҚК Бас штабы Ресей әскерінің елдің шығыс бөлігіндегі Славян бағытында шабуылын бастағанын хабарлады.

Олардың мәліметінше, Ресей Бахмут бағытында украиналық бөлімшелерді негізгі күштерінен ажыратуға тырысады.

УҚК Бас штабы РФ әскерлері Украина аумағында Славян бағытындағы шабуылды қайта бастағанын мәлімдеді. Бұл туралы әскери органның баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Ресейлік оккупанттар Славян бағытында әскерлеріміздің позицияларына атқылауды жалғастыруда, шабуылды қайта бастады», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Бас штаб Донецк бағытында ресейлік күштер белсенді түрде шабуыл жасап, УҚК бөлімшелеріне оқ жаудырып, зымыран шабуылдары мен әскерлерді қайта топтастыруды жалғастырып жатқанын атап өтті.

«Жау күштері Бахмут бағытында шабуылдап, логистикалық қамтамасыз ету бағыттарын бұзуға және бөлімшелерімізді негізгі күштерден ажыратуға тырысып жатыр. Олар Лиман бағытында барлау жүргізіп, артиллерияның қолдауымен Лиман елді мекенінде тұрақтап қалуға тырысып жатыр», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, олардың мәліметінше, Слобожань бағытында ресейлік әскерлер мотоатқыштар, танк және артиллериялық бөлімшелерді толық жасақтау үшін жеке құрамды дайындап жатыр.

Добавить комментарий