ТЖМ Ақтаудағы дәмханада болған жарылыстың алдын ала себебін атады

ТЖМ Ақтаудағы дәмханада болған жарылыстың алдын ала себебі туралы хабарлады. Қаза тапқандар туралы ақпараттың жалған екені атап өтілді.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыровтың айтуынша, жарылыстың алдын ала себебі — газ-ауа қоспасының ағуы. Қазірдің өзінде оқиға орнынан екі газ баллоны шығарылды.

Ғимарат иесінің айтуынша, үйінділердің астында әрқайсысының сыйымдылығы 50 литр болатын тағы екі газ баллоны бар. Толығырақ ақпарат оқшаулау және жоюдан кейін беріледі, – деді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.

Қазіргі уақытта жарылыс болған жерде ТЖ департаментінің күшімен және құралдарымен 70 адам және 11 бірлік техника көлемінде авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Полиця департаментімен 150 адам мен 20 техника жұмылдырылды, оған қоса азаматтық қорғау және энергетика қызметтері де тартылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы Қоғамдық коммуникациялар орталығы.

Кинологиялық қызметтің жүргізілген барлау жұмысы бойынша жарылыс орнында зардап шеккендер жоқ екені анықталды. «Шерқала» кешені иесінің айтуынша, барлық жұмысшылар бұл ғимараттан кешкі сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін шығып кеткен.

Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері Жәнібек Ажмұхановтың мәліметінше, жарылысқа байланысты әзірге ешкім хабарласпаған.

Жарылыстан кейін сағат 21: 35-те облыс әкімінің басшылығымен жедел штаб құрылды, ол сол жерде құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау қызметтерінің басшыларымен кеңес өткізді.

Добавить комментарий