Twitter әлеуметтік желісі QAnon қастандық теориясын жақтаушылардың 70 мың аккаунтын бұғаттады, олар демократтар, голливуд жұлдыздары мен дін қайраткерлерін сатанист және жыныстық қанаушылар деп, ал АҚШ президенті Дональд Трамп оларға қарсы деп есептейді. Бұл туралы компанияның блогында айтылған.
Қастандық теориясын жақтаушыларды ауқымды бұғаттау 8 қаңтар, жұма күні басталды. Көптеген жағдайларда бірнеше аккаунты бір адам басқарған.
Бұл ретте Дональд Трамптың өзі әлеуметтік желілерде миллиондаған жазылушысынан айырылды. АҚШ президенті Twitter-дегі аккаунтынан мәңгі айырылды. Оның YouTube мен Instagram парақшалары мұздатылған.
«Біз мінез-құлқы офлайнға зиян келтіруі мүмкін адамдарға қатысты батыл шаралар қабылдайтынымызды анық білдірдік», — деп атап өтті Twitter. Компания QAnon-мен күресуді жалғастыруды жоспарлап отырғанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 9 қаңтарда Twitter Трамптың аккаунтына «зорлық-зомбылыққа арандату қаупіне» байланысты біржолата бұғаттаған болатын. Сонымен қатар, микроблог сервисінің басшылығы АҚШ-тың қазіргі президентіне сөз берген кез келген пайдаланушының аккаунтын бұғаттайтынына уәде берді.
Мұндай шешім 6 қаңтарда Трамптың жақтастары жасаған көтерілістен кейін қабылданды. Олар Капитолий ғимаратына басып кіріп, сенат залын қоршап алды. Сенат пен өкілдер палатасы сайлаушылар алқасының дауыс беру қорытындыларын бекіту жоспарланған отырысты тоқтатуға тура келді. Наразылық шаралары нәтижесінде бес адам қаза тапты.