Twitter бұғатталған аккаунттарға рақымшылық жасайды

Илон Маск бұрынғы әкімшілік бұғаттаған аккаунттарға рақымшылық жасалатынын мәлімдеді.

Twitter-дің жаңа қожайыны Илон Маск заңды бұзбаған және спам таратпаған аккаунттарды блоктан шығарылатынын мәлімдеді.

Кәсіпкер әлеуметтік желіде сауалнама жүргізгеннен кейін осындай шешім қабылдады.

«Адамдар өз шешімін айтты. Рақымшылық келесі аптада басталады. Vox Populi, Vox Dei», — деп жазды Маск Twitter-де.

«Рақымшылық» жарияламас бұрын Макс Twitter-де сауалнама жүргізіп, онда 3 миллионнан астам адамның дауысы ескерілді.

72,4%-ы «заңды бұзбаған және спам таратпаған» аккаунттарды қалпына келтіруді жақтап дауыс берді.

Мұндай онлайн форматтағы сауалнамалар, Associated Press басылымының пікірінше, ғылыми емес және боттарды оңай қолданса болады.

Кейіннен Маск AP жазбасына жауап берді, онда бұғатталған аккаунттарға «рақымшылық» жаслғанын айтып, басылымды «жалған ақпарат жөніндегі сарапшы» деп атады.

Еске салайық! Сауалнамадан кейін Маск АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың Twitter-дегі аккаунтын бұғаттап тастады.

Добавить комментарий