Ирандық аккаунттардың платформадан өшірілуіне АҚШ сайлауына араласу әрекеті себеп болды. Аккаунт иелері президенттікке үміткерлерге қатысты өз пікірлерін білдірді.
Twitter осы аттас әлеуметтік желіден Иранмен байланысы бар 130 аккаунтты өшіріп тастады. Тиісті мәлімдемені компанияның қауіпсіздік қызметі сәрсенбі күні жариялады.
«Федералдық тергеу бюросы (ФТБ) ұсынған мәліметтерге сүйене отырып, кеше кешке біз Иранда жасалған 130 аккаунтты өшіріп тастадық», — делінген мәлімдемеде. Компания басшылығының айтуынша, осы аккаунттардың көмегімен «2020 жылғы алғашқы президенттік дебат кезінде пікірталастарға кедергі жасау» әрекеттері жасалды. Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі теледебаттардың талқылауына бұл әрекеттер айтарлықтай әсері болмағандығы баса айтылады.
Президенттік сайлау науқаны аясындағы дебаттың бірінші раунды сейсенбі күні кешке Кливленд (Огайо штаты) қаласында өтті. АҚШ-тың қазіргі президенті, республикашыл Дональд Трамп пен демократтардан үміткер Джозеф Байденнің екінші дебаты 15 қазанда Майамиде (Флорида штаты), үшіншісі — 22 қазанда Нэшвиллде (Теннесси штаты) өтеді.