Трамптың бұрынғы адвокатына шабуыл жасалды

Хабарланғандай, Дүкенде Руди Джулианиге (АҚШ экс-президенті Трамптың бұрынғы адвокаты) шабуыл жасалды.

АҚШ-та Нью-Йорктегі азық-түлік дүкенінің қызметкері қаланың бұрынғы мэрі және АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың өкілі болған заңгер Рудольф Джулианиге шабуыл жасағаны үшін тұтқындалды. Бұл туралы 26 маусым, жексенбі күні The New York Times газеті полиция және жәбірленушінің сөзін келтіріп хабарлайды.

Хабарланғандай, 39 жастағы ер адам дүкенде Джулианидің арқасынан ұрған. Ол түсік тастау жайлы айтып, сондай-ақ бұрынғы мэрдің атына былапыт сөздер айтқан.

Бұл ретте полицияның алғашқы баяндамасында ер адам Джулианиге «Қалай жағдай, оңбаған?» деп соққыға жыққан.

Жақында АҚШ Жоғарғы сотының түсік тастау туралы шешіміне қарсы акция кезінде Капитолий полициясы екі адамды ұстағаны хабарланды.

Бұған дейін, 24 маусымда АҚШ Жоғарғы соты 1973 жылы шығарылған қаулының күшін жойды, оған сәйкес елдің федералдық билігі түсік тастауға құқық беретін. Енді конгресс ешқандай шара қабылдамаса, түсік тастау құқығын штаттар айқындайтын болады.

Аталған шешім шығарылғаннан кейін мыңдаған ел азаматтары қала орталығындағы сот ғимаратының маңында жиналды. Наразылық білдірушілердің көбісі әйелдер болғанына қарамастан, ер адамдар да жүктілікті заңды түрде үзу құқығын қолдауға шықты.

Процедураға тыйым салу алты штаттың аумағында күшіне енді.

АҚШ-тың бұрынғы лидері Дональд Трамп Жоғарғы соттың шешімі оның күш-жігерінің арқасында қабылданғанын, және бұл ең үлкен жеңіс екенін атап өтті.

Өз кезегінде АҚШ президенті Джо Байден әйелдердің денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ел Жоғарғы сот отырысының қорытындысы бойынша 150 жылға кері шегерілді.

Добавить комментарий