АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Нью-Йоркке ұшып келді, онда оның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша айып тағылуы мүмкін.
Трамп АҚШ-тың қылмыстық айып тағылған алғашқы президенті атануы ықтимал.
Трамп сейсенбі күні Trump Tower қонақ үйінде қонып шыққаннан кейін, Манхэттен сотына келуі тиіс. Ол 2016 жылғы президенттік дода кезінде жария етпеу туралы келісім аясында порноактрисса Сторми Дэниелске ақша төледі деп айыпталуда. Прокурорлар аталған қаражат Трамптың сайлауалды науқанына бөлінген ақшадан жұмсалғанын айтып отыр, ал бұл Нью-Йорк заңдары бойынша қылмыстық қылмыс болып табылады.
Трамп кінәсін жоққа шығарып, тағылған айыпты саяси астары бар қудалау деп санайтынын айтты. Ол сот отырысынан кейін Флоридада өтетін іс-шараға қатысу үшін баруды жоспарлап отыр.