Трамп Украинадағы соғысты бір тәулік ішінде тоқтата алатынын мәлімдеді

АҚШ-тың экс-президенті және президенттікке кандидат Дональд Трамп президент қызметіне сайланатын болса, Украинадағы соғысты 24 сағаттың ішінде тоқтататынын мәлімдеді.

Сәрсенбі күні кешкісін GB News телеарнасында британдық саясаткер және тележүргізуші Найджел Фаражға берген сұхбатында Трамп «100%» өзіне сенімді екенін атап өтті.

«Егер мен президент болып сайлансам, онда соғысты бір күнде тоқтатар едім, мған 24 сағат керек. Мен [Украина президенті Владимир] Зеленский мен [РФ президенті Владимир] Путинді жақсы танимын», — деді ол. «Бұған оңай қол жеткізуге болар еді, келісімге келу оңай болар еді. Бұл жағдайда көп нәрсе ақшаға келіп тіреледі, біз [Киевке] көрсетіп отырған әскери көмек секілді, бірақ мен 24 сағаттың ішінде келісімге қол жеткізер едім», — деп толықтырды ол, Украинадағы қақтығысты «тоқтату қажет» деп айта отырып.

Экс-лидер 2024 жылғы президенттік додадағы мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Оның айтуынша, ол экономикадағы жағдайды айтарлықтай жақсарта алады, Қытайдың Тайваньмен әскери жолмен кіруіне жол бермейді және қазір «мүлдем бақылаудан шыққан» КХДР мен Иранмен қарым-қатынас орнатады.

Добавить комментарий