Трамп: Ауғанстандағы барлық АҚШ әскерлері биыл үйлеріне оралуы керек

АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстанда қалған барлық әскери қызметкерлер Рождество қарсаңында үйлеріне оралуы керек деп мәлімдеді. Ол бұл туралы Твиттердегі аккаунтында жазды.

«Ауғанстанда қызмет ететін біздің батыл ерлеріміз бен әйелдеріміздің аз ғана бөлігі Рождествоға қарай үйге оралуы тиіс», — деп мәлімдеді ол. Католиктер мен протестанттар Рождествоны 25 желтоқсанда атап өтеді.

Сәрсенбі күні АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Роберт О ‘Брайен Ауғанстандағы американдық әскери контингенттің саны келер жылдың басында 2,5 мың адамға дейін қысқаратынын мәлімдеген болатын.

Қыркүйек айының соңында АҚШ қорғаныс министрінің Үндістан және Тынық мұхиты аймақтарындағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі Дэвид Хелви Пентагон 2021 жылдың мамырына қарай Ауғанстаннан АҚШ әскерлерін толық шығаруды көздеп отыр деп мәлімдеді.

29 ақпанда Дохада АҚШ және «Талибан» радикалды қозғалысы (РФ-да тыйым салынған) бейбіт келісімге қол қойды. Келісімдерге сәйкес, Америка Құрама Штаттары, оның одақтастары және коалиция 14 ай ішінде барлық әскерін Ауғанстаннан шығаруға ниетті. Өз кезегінде, Талибан Ауғанстан аумағын АҚШ пен оның одақтастарының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттер үшін пайдаланбайтынына кепілдік береді.

АҚШ-тың Ауғанстандағы операциясы 2001 жылдың қазанынан бері жалғасып келеді, ол Америка тарихындағы ең ұзақ шетелдік әскери науқан болды. Оның шыңы кезінде 2010-2013 жылдары Ауғанстандағы батыс күштерінің саны 150 мыңнан асты. АҚШ пен НАТО-ның негізгі жауынгерлік күштері 2014 жылы Ауғанстаннан шығарылды.

Добавить комментарий