Томскіде жоғалып кеткен қазақстандық студент табылды

Үш күн бойы Томск жоғары оқу орындарының бірінде оқитын қазақстандық студент байланысқа шықпады. Полицейлердің күшімен студент табылды, оның жағдайы жақсы. Бұл туралы ҚР СІМ-ге ақпарат берілді. Онымен университет және дипломатиялық қызмет қызметкерлері байланыста екендігі хабарланды.                    Қазақстандықтың қайда екендігі және оған не болғандығы туралы хабарланбады.                                                        Бұған дейін студентті іздеу жұмыстары үш күнге созылғаны белгілі болды. Томск политехникалық университетінің әкімшілігі 8 қыркүйекте жатақханадан кеткенін хабарлады. Сол кезде топтастары, жатақханадағы көршілері, достары мен таныстары арқылы іздестіру нәтижесін берген жоқ.                                   Қазақстадық студент ТПУ-ның Инженерлік бақылау және қауіпсіздік мектебінің магистратурасының екінші курсында оқиды.

Добавить комментарий