Токиода өтетін Олимпиадада кезінде коронавирус жұқтыратындардың саны артады

Коронавирустық пандемиясына байланысты 2021 жылға ауыстырылған Олимпиада ойындары инфекцияның белсенді таралуына себеп болуы мүмкін, деді Жапония үкіметінің кеңесшісі Нобухико Окабе.

Кавасаки қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау институтының басшысы Нобухико Окабе Токио-2020 Олимпиадалық ойындарын өткізу кезінде коронавируспен ауыратындардың саны артатынын ескертті.

«Олимпиада ойындары жұқпалы аурулардың алдын алу мәселесіне қатысты күрделі жағдайлардың бірі болып табылады. Бұл тәуекел тобы, өйткені әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар жиналады. Біз Ойынды күтіп жүргенде, жұқпалы аурулардың саны көбеюі мүмкін екенін адамдарға түсіндіруге тиіспіз. Ойындарды тоқтату — қазіргі жағдайда мүмкін емес нұсқа, бірақ, егер жаңа жұқтыру оқиғаларының саны тез өсіп, ауруханалар шамадан тыс жүктемеге ұшырайды деп болжасақ, Олимпиададан бас тартуға батыл шешім қабылдау қажет болады. Соңғы шешімді кім қабылдайтыны анық болуы тиіс», — деді Kyodo-ға берген сұхбатында Нобухико Окабе.

Маман қазір Олимпиададан бас тарту туралы айтуға әлі ерте екендігіне сенімді, себебі сырқаттанушылық жағдайы өзгеруі мүмкін. Сонымен бірге, Окабенің айтуынша, Олимпиадаға қатысушылардың немесе қонақтардың ешқайсысының инфекцияны жұқтырмауы 100%-ға мүмкін болмайды.

Аурудың пайда болуын болдырмаудың ең жақсы жолы — Ойындарды өткізбеу, қазір шексіз пікірталас өткізудің мәні жоқ. Оның орнына, жұқпалы аурулардың таралуын шағын көлемде шектеу үшін не істеу керектігін талқылау керек, бірақ жұқпалы аурулардың санын нөлге дейін азайтуға болмайды. Бұл біздің сарапшылар жеткізуі керек ақпарат. Вирус туралы ақпарат анық болады және 6 айдан кейін одан әрі ілгерілеуге қол жеткізілуі тиіс. Инфекция таралмауы жақсы, бірақ жағдайлардың елеулі өсуіне және елдің денсаулық сақтау жүйесінің құлдырауына жол бермеу маңызды, — деді Окабе.

Егер COVID-19 бүкіл әлемге қауіп төндіретін болса, Ойындарға көрермендердің стадиондарға келуіне тыйым салынуы мүмкін.

Өткен айда Окабе құрамына кіретін топ Жапония шетелдік спортшыларға Ойындарға қатысу үшін, егер олар вирус тестінің теріс нәтижесі және қоғамдық көліктерден аулақ болу сияқты талаптарды орындаса, елге кіруге рұқсат беретінін жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, пандемияның жалғасуына байланысты Олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылды және қазіргі таңда 23 шілде — 8 тамызға жоспарланған. Олардың артынан Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді.

Добавить комментарий