Қазақстандықтардың көпшілігі Олимпиа ойындарын ресейлік телеарналардан ғана тамашалай алады. Республика тікелей көрсету құқығын ала алмады, ал басқа елдерде көрсетілімдер біздің отандастарымыздың көбі түсінбейтін тілде жүргізіледі.
Қазақстан спорттың 27 түрі бойынша 95 спортшы өнер көрсетеді.
Токиода Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды. Тікелей трансляция «Хабар» және QazSport телеарналарында көрсетіледі.
Еліміздің атынан 95 спортшы спорттың 27 бойынша түрі бақ сынайды. Қазақстанның туын Олимпиаданың қатысушысы жеңіл атлет Ольга Рыпакова және боксшы Қамшыбек Коңқабаев көтереді.
Олипиаданың ашылу салтанатына барлығы 205 елдің спортшылары қатысып жатыр. Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Олимпиада ойындары коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілді. Спортшылар бірқатар шектеу шараларын сақтауы керек — олимпиада ауылының аумағынан шықпау, бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және кесте бойынша жаттығу. Спортшылар күн сайын ПТР-тестін тапсырады.