Токио 2020: Трансгендер әйел жарыс жолынан шығып қалды

Трансгендер әйел Токиода өтіп жатқан жарыста сәтсіз өнер көрсетті, нәтижесінде Олимпиада ойындарынан шығып қалды.

Жаңазеландиялық ауыр атлет Лорел Хаббард үш мүмкіндігін сәтсіз орындады: біріншісінде 120 келі салмақты көтере алмады, содан кейін екі рет қатарынан 125 келіні бағындыра алмады.

2012 жылға дейін ер адам болған спортшы ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жетпеген, 2017 жылы жынысын ауыстырғаннан кейін Лорел әйелдер арасындағы әлем чемпионатында екінші орынды иеленді.

2016 жылдан бастап ХОК трансгендер спортшыларға жарыстарда (соның ішінде Олимпиада ойындарында) өнер көрсетуге рұқсат береді, бұл үшін жынысын ауыстыру операциясын жасату міндетті емес. Ең бастысы, организмдегі тестостерон деңгейі жарыс басталғанға дейін кемінде бір жыл ішінде белгілі бір көрсеткіштерден төмен болуы керек.

Добавить комментарий