Өткен жылы Сайрам ауданында салынған мейрамхана спорт залға айналды. Қаңырап бос тұрған ғимарат қайта адамға тола бастады.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір «Достық» спорт мектебінде 200 бала спорттың бес спорт түрімен тегін жаттығуда. Мұнда тхэквондо, дзюдо, самбо, карате және гимнастика үйірмелері бар. Сегіз білікті бапкер балаларды спортқа баулиды.
Жобаны кім қаржыландырып жатқаны хабарланбады.
Сонымен қатар, екінші қабатта ересектерге арналған зал жұмыс істейді. Сайрам аудандық спорт бөлімі мамандарының мәліметінше, мұнда ауыл жастары бос уақытын пайдалы өткізеді.