Тоқаев жаңа экономикалық бағыт туралы айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Жаңа экономикалық бағытының негізін қалайтын басты қағидаттарға жан-жақты тоқталды.

Ойынның жаңа ережесін анықтау керек — адал, ашық және әділ, деп есептейді президент.

Бұл туралы ірі бизнес өкілдерімен кездесуде Жаңа экономикалық бағыттың жеті қағидатқа жан-жақты тоқталды, деп хабарлайды Ақорданың сайты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде елімізде қалыптасқан ахуалды талқылап, халық игілігі үшін билік пен бизнестің өзара ықпалдастығына қатысты жолдарды айқындау қажет екенін айтты. Президенттің пайымдауынша, бүгінде біздің алдымызда бүкіл қоғамдық тыныс-тіршілікті түбегейлі трансформациялау міндеті тұр, мұның стратегиялық мәні бар.

«Жарияланған әлеуметтік-экономикалық күн тәртібі мен нақты жағдайы арасындағы келіспеушілік сыни массаға ұшырады. Сондықтан да экономикалық саясатты қайта жүктеу бойынша бірлескен жұмысқа шұғыл кірісуіміз керек. Ойынның жаңа ережесін анықтау керек. Адал, ашық және әділ», — деп есептейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пікірінше, аз ғана элиталық топтар ықпалының артуы және халықтың басым бөлігінің табысының азаюы қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндірді, бұл қоғамның экономикалық, әлеуметтік, содан кейін саяси бөлінуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

«Ұлттық табыстың әділ бөлінуі бойынша теңгерімсіздік пен проблеманың бар екені айдан анық. Халықаралық сарапшылар (KPMG, 2019 жыл) Қазақстан байлығының жартысы 162 адамның ғана қолында екенін растап отыр. Осы ретте халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайды. Бұл – жылына 1300 доллардан сәл ғана асады деген сөз. Мұндай ақшамен өмір сүру мүмкін емес. Бұлай жіктелу мен теңсіздіктің қауіпті екенін айтқан болатынмын. Жағдайды дереу өзгерту керек», — деді президент.

Добавить комментарий