Тоқаев Украинадағы қақтығысты тоқтатылуын жақтайтынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекет басшыларының Германия президентімен кездесуіне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде мемлекет басшылары өңірлер арасындағы өзара іс-қимылды дамыту үшін қуатты механизм болып табылатын «C5 + Германия» бастамасы аясында ынтымақтастықты нығайту бойынша перспективаларды талқылады. Президент Тоқаев сауда-экономикалық өзара іс-қимыл, жаңа көлік-транзит бағыттарын дамыту және энергетикалық кооперация салаларындағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтіп, ынтымақтастықтың басым бағыттарын ұсынды.

Климаттың өзгеруі және су ресурстарының проблемаларына аса мән берілді. Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы мұздықтардың еруі мен экологиялық жағдайға байланысты мәселелерді талқылап, Германияның осы мәселелерді шешудегі тәжірибесі маңызды екенін мойындады.

Кездесу барысында Орталық Азия аймағы мен Еуропалық одақтағы геосаяси жағдайға қатысты мәселелер де көтерілді. Ауғанстандағы жағдайға тоқталды.

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Украина төңірегіндегі дағдарыстың еуропалық және өңірлік қауіпсіздікке елеулі әсері барын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық күш-жігерді қолдап, қақтығыс бейбіт жолмен шешу үшін келіссөздерге шақырды.

Мемлекет басшысы Орталық Азия мен Германия арасындағы мәдени және гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ бірлескен білім беру жобалары мен неміс тілін оқыту бағдарламалары бойынша бастамаларға қолдау білдірді.

Кездесуге Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан президенттері мен Түрікменстан Халк Маслахаты төрағасы қатысты. Бұл іс-шара Орталық Азия елдері мен Германия арасындағы ынтымақтастық пен диалогтың жаңа көкжиегін ашып, өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізеді.

Добавить комментарий