Тоқаев Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге шақырды

Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешудің жолдарын іздеу керек екенін мәлімдеді.

Ол ондаған, жүздеген жылдарға созылатын өкпе-реніштен бауырлас орыс және украин халықтары арасының алшақтауына жол бермеу керек екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында Украина төңірегіндегі жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге шақырды.

«Украина мәселесіне келер болсақ, бейбітшілік формуласын бірлесе қарастыратын уақыт келді деп ойлаймын. Кез келген соғыс бейбіт келіссөзбен аяқталады. Бітімге келудің кез келген мүмкіндігін пайдалану керек. Ыстанбұлдағы келіссөз раунды үміт сыйлаған еді, бірақ түрлі себептермен келісім іске аспады. Ондаған, жүздеген жылдарға созылатын өкпе-реніштен бауырлас орыс және украин халықтары арасының алшақтауына жол бермеу керек», — деді президент.

Бұған дейін шағын құрамдағы кездесуде Ресей президенті Украинадағы жағдай туралы ҰҚШҰ елдерінің президенттерін хабардар етуге уәде берген болатын.

Добавить комментарий