Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желілердегі парақшасында Қазақстан президенті Тәжікстанға баруға ниетті екенін жазды.
Хабарламада «ағымдағы 19-20 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына ресми сапармен барады. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын және кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөздер өткізбек. Келіссөздердің күн тәртібіне саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайта отырып, қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері енгізілген».
Уәли өңірлік кооперацияны жандандыру, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән берілетінін атап өтті.