Тоқаев Түркияға кезекті ресми сапарымен барды

Қазақстан Президенті Анкараға кезекті сапары барысында Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысып, Түркия президентімен кездеседі.

Еске сала кетейік! Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін  Анкараға ресми сапармен барады, онда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездеседі.

Қазақстан мен Түркия бір-бірін маңызды стратегиялық серіктес деп санайды және сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік салаларындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда. Былтыр қос ел арасындағы екіжақты тауар айналымы алдыңғы жылмен салыстырғанда 57,5%-ға өсіп, 4,7 млрд доллар болды.

Қазақстан мен Түркия кеңейтілген стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдемеге, сондай-ақ алты үкіметаралық және сегіз ведомствоаралық құжатқа қол қойды.

Добавить комментарий