Қазақстан Президенті судьялар корпусын жаңғырту қажет деп санайды. Бұл туралы ол Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипппен кездесу барысында айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғары сот кеңесінің биылғы жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды, — делінген Ақорданың хабарламасында.
Сонымен қатар Президентке әкімшілік әділет соттарының кадрлармен қамтамасыз етілуі жөнінде мәлімет берілді.
Денис Шипп осы жылдың маусым айында Қазақстанның Жоғары сот кеңесінің төрағасы болып тағайындалған.